ШЖҚ «№ 4 Қалалық емхана» МКК
Емделушіні қолдау және ішкі бақылау қызметі
Қадірлі емделушілер!
Егер Сіз:
- медициналық көмек сапасына қанағаттанбасаңыз;
- медициналық кызметкер тарапынан дөрекілікке тап болсаңыз;
- тегін кепілді медициналық көмек беру аумағында медициналық қызметкердің ақшалай талап ету жағдайларымен кездессеңіз;
- сапалы медициналық көмек көрсетуде басқа да қиындықтар мен сұрақтар туындаған жағдайда,
- Сіз № 4 Қалалық емхананың Емделушілерді қолдау және ішкі бақылау қызметіне жүгінуге құқылысыз.
Біздің мақсатымыз: емделушілерге медициналық көмек көрсетуде туындайтын мәселелерді уақтылы айқындап, медициналық көмектің әрі қарай қол жетімділігін және сапасын жетілдіру болып табылады.
Сізге ыңғайлы болу үшін өзіңіздің аты-жөніңізді және байланысу мәліметтері (телефон, мекен-жай) көрсетілген:
- жазбаша үндеуіңізді медициналық ұйымның кіреберісінде, баспалдақ аралықтарында және 2 қабатта орналасқан арыз-шағым жәшіктеріне салуға;
келесі телефондар:- 51 37 28 – бас дәрігер,
- 55 60 16 – бас дәрігердің емдеу ісі бойынша орынбасары,
- 92 58 77 – Емделушілерді қолдау қызметінің сенім телефоны арқылы байланысуға,
- gp4aktobe@mail.ru электрондық поштасына хат жіберу арқылы;
- медициналық ұйымның www.policlinika4.kz сайтындағы «Бас дәрігер блогы» бөлімінде сұрақ қою арқылы;
- Емделушіні қолдау және ішкі бақылау қызметіне тікелей № 64 кабинетіне жолығып, мәселеңізді «қазір және мұнда» принципі арқылы шешуіңізге болады.
№ 4 Қалалық емхананың Емделушілерді қолдау және ішкі бақылау қызметі Сіздің арызыңызды 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей қысқа мерзімде қарастырып, Сізге нәтижесі бойынша ақпаратты жеткізеді.
Емделушілерді қолдау және ішкі бақылау қызметіне емделіп жүрген науқастардың өздері немесе олардың туыстары арыздануға құқылы.