Құрметті № 4 емханаға тіркелген тұрғындар!

Сіздер, өз денсаулығыңызды ойлап, медициналық тексерістен (скринингтен) өтіңіз! СКРИНИНГ — бұл сау адамдардың жас ерекшелігіне қарай қауіп факторларын және ауруларды алғашқы сатыда анықтау үшін өткізілетін профилактикалық медициналық тексеріс.Скрининг емдеудің нәтижесін арттырып, асқынулардың алдын алады.

2018 жылдың скринингтің көлемі:

1. Жүрек — қантамыры ауырулары мен қант диабетін алдын ала анықтау үшінантрометриялық өлшемдер (бойы, дене салмағы, бел шеңбері), қан қысымын өлшеу, қанындағы холестерин мен глюкозаның деңгейлерін анықтау 40 — 70 жастағы ер және әйел адамдар,электрокордкография, кардиологтың, эндокринологтыңқарауы — көрсетілімдері бойынша;

2. Глаукома ауыруын алдын ала тексеру үшін 40 — 70 жастағы ер және әйел адамдардыңкөзінің қан қысымын өлшеу, көз дәрігерінің қарауы- көрсетілімдері бойынша. Бұл тексерулер жүрек — қантамыры ауруларын, қан диабетін, глаукоманың және олардың қатерлі факторларын, сонымен бірге гепатитың алғашқы кезеңдерін анықтауға, олардың инсульт, инфаркт, соқырлық, бауыр безі мен обыры сияқты қауіпті салдарының алдын алуға және оларды дер кезінде емдеуге мүмкіндік береді.

3. Жатыр мойынындағы патологиялық өзгерістерінің жоқтығына көз жеткізу үшін 30, 34, 38, 42, 46, 50, 54,58,62,66,70 жастағы әйелдерге жатыр мойынында сүртіндісінің цитологиялық зерттелуі, акушер-гинекологтың қарап тексеруі (кольпоскопия) көрсетілім бойынша;

  4. Сүт бездерінің патологиялық өзгерістерінің жоқтығына көз жеткізу үшін 40 — 70 жастағы  әйелдерге сүт бездерініңрентгенологиялық зерттелуі (маммография), маммологпен онкологтың қарап тексеруі -көрсетілім бойынша;

5Жуан ішек ауруларын ерте анықтау үшін 50 — 70 жастағы еркектерге және әйелдерге: нәжісті жасырын қанға зерттеу

Барлық скринингтер № 4 емханада тегін өткізіледі.