Емхана тарихы әріден, өткен жүзжылдықтың 50 жылдарынан бастау алады.

1996 жылға дейін емхана №2 біріккен клиникалық балалар ауруханасы болып келді.

1968-1972жж. аралығында бас дәрігер Толоконникова С.Г. болды.

1973-1980жж. аралығында бас дәрігер Швец М.В. болды.

1985-1986жж. аралығында бас дәрігер Больбот Г.А. болды.

1986-1993 жж. аралығында бас дәрігер Иванова В.Б. болды.

1993-1996жж. аралығында №2 біріккен клиникалық балалар ауруханасына Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтының емханалық оқыту кафедрасынан ауысып келген, Кадыров Қазбек Бахиұлы басшылық етті.

1997-2011 жж. аралығында емхананың бас дәрігер Шникулова Нұржамал Мақымқызы болды, емхананы ұзақ жылдар бойы басқарып, зейнеткерлік демалысқа шықты.

2011 жылдан қазіргі уақытқа дейін №4 қалалық емханасын Мереке Маратұлы Нұртазин абыроймен басқарып келеді.

1996 жылға дейін №2 біріккен клиникалық балалар емханасы №2 қалалық балалар ауруханасының бөлімшесі ретінде қызмет көрсетті. Еліміздегі жүргізілген реформалар мен қайта құрулардың нәтижесінде №2 біріккен клиникалық балалар емханасы ауруханадан бөлініп, өз қызметін қалалық балалар емханасы ретінде №2 территориалды-емханалық бірлестік құрамында жүзеге асырды.

1997 жылдың қыркүйек айынан бастап емхана, мөлтек аудандардың тұрғындарына амбулаториялық арнайы көмек көрсету үшін №2 емдеу-диагностикалық орталығы болып қайта құрылды, себебі ол кезде бастапқы медициналық санитариялық көмек отбасылық-дәрігерлік амбулатория ретінде бөлінді.

1998 жылдың қараша айынан 2001 жылдың қыркүйегі аралығында отбасылық-дәрігерлік амбулаториялардың диагностикалық емханалармен біріктірілуіне байланысты және бекітілген тұрғындарға қолжетімді білікті және арнаулы емдеу-профилактикалық және медико-әлеуметтік, кеңес беру-диагностикалық көмек көрсету, территориалды принцип бойынша да, дәрігерді еркін таңдау принципі бойынша да алғашқы медико-санитарлық көмек көрсету мақсатында №2 емдеу-диагостикалық орталығы базасында №4 кеңес беру-диагностикалық емхана құрылды.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№4 Қалалық емханасы» МКК «Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарды қайта құру туралы» Ақтөбе облысы Әкімінің 29.12.2010 жылғы №415 Қаулысының негізінде қайта құрылды және Ақтөбе облысы Әділет Департаментінде 01.04.2011 жылы тіркелді.

Емхананың қалыптасу және одан әрі дамыту барысында әртүрлі жылдарда үлкен үлес қосқан медициналық қызметкерлер: бас дәрігердің емдеу ісі бойынша орынбасары Роза Арыстанбекқызы Иманбердиева, ДКК төрайымы Қаламқас Абдрахманқызы Қозыбаева, мектепке дейінгі және мектеп бөлімінің меңгерушісі Несібелі Сақтағанқызы Қарымсақова, балалар бөлімінің меңгерушісі Дина Ғаниқызы Байтурлина, терапия бөлімінің меңгерушісі Иленко З.М., мектеп бөлімінің меңгерушісі Ценскова Светлана Владимировна, хирургия бөлімінің меңгерушісі Камалутдинова Г.А., акушер-гинекология бөлімінің меңгерушісі Коренькова Т.В., клиникалық зертхана меңгерушісі Нина Михайловна Антропова, биохимия лабораториясының меңгерушісі Баян Жолдасқызы Кужиева, мектепке дейінгі бөлімнің меңгерушісі Надежда Калауовна Калауова және тағы да көптеген қызметкерлер.