№ 4 Қалалық емхана Ағ. Жұбановтар көшесі, 293 Б мекен-жайы бойынша орналасқан.

Құрамында келесі филиалдар бар:

  • Балалар емханасы, Есет батыр көш., 103 үй;
  • Дәрігерлік амбулатория,  «Жаңақоныс» ауылы, Алматинская көш., 21/1 үй;
  • Дәрігерлік амбулатория, «Құрашасай», М.Ауезова көш., 13Б үй.

Емхана алғашқы медициналық санитарлық, мамандырылған медициналық және стационаралмастыратын көмек көрсетеді.

Емхана 71 510 адамға (соның ішінде, ересектер – 50 851, балалар – 20 659) медициналық көмек көрсетеді. 135 дәрігер және 245 орта буын қызметкерлері жұмыс атқарады. Қызметкерлердің басым бөлігі жоғары санатты мамандар. 3 дәрігер Денсаулық сақтау үздіктері болып табылады, 2 дәрігер медаль иегерлері.

Миссия: заманауи профилактикалық, диагностикалық, емдеу және медициналық-әлеуметтік технологияларды пайдалана отырып, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру негізінде жоғары сапалы амбулаториялық-емханалық көмек көрсету арқылы медициналық ұйымға бекітілген тұрғындардың денсаулығын жақсарту.

Мақсат: аумақтың тұрақты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін емханаға бекітілген тұрғындардың денсаулығын жақсарту.

Міндеттер:

  • Тұрғындардың денсаулығын сақтау мен санитариялық-эпидемиологиялық сұрақтар бойынша медициналық ұйымның қызметін жетілдіру;
  • Тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасын арттыру;
  • Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі жағдайында медициналық ұйымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Біздің құндылықтар:

Пациентке қызмет көрсету

Пациенттер мен олардың отбасын емдеу барысындағы серіктесі ретінде қабылдау.
Аурудың сипаты, диагностикасы мен емі жайында пациентті ақпараттандыру, олардың денсаулығы мен амандығына қатысты шешім қабылдау кезінде толық ақпарат алуына жәрдемдесу.

Сапаға бейілділік

Үздіксіз жоғары сапалы қызмет көрсетуге ұмтылу.
Көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын қамтамасыз ететін барлық процесстерді жетілдіру: емхана қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, қызмет көрсету сапасын жақсарту, медициналық жаңа технологияларды пайдалану.

Кәсібилік

Біздің пациенттеріміздің жоғарғы сеніміне лайықты кәсібилігін, этика мен жеке бас жауапкершілігінің ең жоғарғы стандарттарын ұстану. Медициналық қызметтердің жоғарғы сапасы, стандарттарға сәйкестік,  ауруға ғана емес әр пациентке деген кешенді тәсіл.

Тәлімгерлік

Жас мамандардың қажетті кәсіби біліктілігі мен жұмыс тәжірибесін жинауын, сонымен қатар өз бойында талап қою қасиетін дамыту, жұмысының нәтижелі болуына дағдыландыру, медициналық ұйымда алғаш жұмыс жасаған жылдары кәсіби шеберлігін шыңдау және жас мамандардың (дәрігерлер мен мейірбикелердің) құзырет дәрежесін көтеру, медициналық этика мен деонтология нормаларын қалыптастыру, мәдениеттілігін арттыру, ұйымның қоғамдық жұмысына араластыру.

Ұжымда жұмыс жасау

Ұжымның ортақ ісіне әр қызметкердің үлес қосуы және түсіністікпен қарауын қалыптастыру. Ұжымның әр мүшесінің мақсатты күш салуы арқылы көрсетілетін қызметтің жоғары сапалы болуына, нәтижелі болуына талпыну.