№4 Қалалық емхана әкімшілігі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 1 ақпандағы №12 “Қашықтан медициналық қызметтерді ұйымдастыру, ұсыну және ақы төлеу қағидаларын бекіту” туралы бұйрығына сәйкес емхананың профильді дәрігерлерімен қашықтан онлайн видео кеңес жүргізетінін хабарлайды.
Қашықтықтан көрсетілетін медициналық қызметтер – аурулар мен жарақаттардың диагностикасы, оларды емдеу, медициналық оңалту және олардың профилактикасы, медицина қызметкерлерінің өзара, жеке тұлғалармен және (немесе) олардың заңды өкілдерімен қашықтықтан өзара іс-қимыл жасауын, көрсетілген адамдарды сәйкестендіруді, сондай-ақ олар жасайтын әрекеттерді құжаттауды қамтамасыз ететін цифрлық технологиялар арқылы зерттеулер мен бағалауды жүргізу мақсатында медициналық көрсетілетін қызметтерді ұсынады.
Қашықтан онлайн видео кеңес алу үшін алқаптық дәрігердің жолдамасы арқылы жүзеге асады.
Онлайн видео кеңес жүргізетін дәрігерлер тізімі:
-Педиатр кеңесі
-Хирург кеңесі
-Акушер-гинеколог кеңесі
-Психолог кеңесі
-Отоларинголог кеңесі
-Кардиолог кеңесі
-Ревматолог кеңесі
-Невропатолог кеңесі
-Эндокринолог кеңесі
-Офтальмолог кеңесі
-Уролог кеңесі.